Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 181 адамға жетті.

13 мамыр 14:45-тегі мәлімет бойынша Қызылорда облысында тағы 1 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан.

Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқас – Жаңақорған ауданының тұрғыны.

Ерекше атап өтерлігі – Жаңақорған ауданындағы осы індетке шалдыққан 31 науқастың барлығы жазылып, үйлеріне шықты.

Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 181 адамға жетіп отыр.

Аталған науқастан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.

Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.

Тағы да оқыңыз: