Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 149 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқас – Сырдария ауданының тұрғыны.

8 мамыр 13:25-тегі ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 1 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан.

Ерекше атап өтерлігі – Сырдария ауданында осы індетке шалдыққан 26 науқастың барлығы жазылды.

Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 149 адамға жетіп отыр.

Аталған науқастан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.

Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.

Тағы да оқыңыз: