Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 149 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқас – Сырдария ауданының тұрғыны.
8 мамыр 13:25-тегі ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 1 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан.
Ерекше атап өтерлігі – Сырдария ауданында осы індетке шалдыққан 26 науқастың барлығы жазылды.
Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 149 адамға жетіп отыр.
Аталған науқастан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.
Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.