Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 325-ға жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 232. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Соңғы тәулікте 7 дерек тіркелді. Оның 4-еуі Тенгиз Шевройл компаниясының қызметкері болса, 3-еуі медицина қызметкерін скринингтеу барысында анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін хаттамаға сәйкес алуда»,-деді бас дәрігер.

Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған- 4133 азамат анықталды. Оның ішінде, 2303-і жақын қарым-қатынаста, 1830-ы жанама байланыста болған. Бұдан бөлек, инфекциялық стационарда 72 адам ем алуда. Оның 22-сі карантиндік госпитальда , 27-сі провизорлық стационарда, ал 257 азамат карантиндік бақылауда.

Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.

Тағы да оқыңыз: