Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 471, ал сипмтомсыз-67 азамат. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Соңғы тәулікте 19 дерек тіркелді. Оның симптомды жаңа жағдайының 4-еуі емхананың скринингінен, 1-еуі қарым-қатынас арқылы, ал симптомсыз 14 жағдайдың 2-еуі ақылы тест сынамасынан, 10-ы қарым-қатынастан, 2-еуі емхананың скринингінен анықталды», – деді бас дәрігер.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 5445 азамат анықталды. Оның ішінде, 3271-і тікелей қарым-қатынаста, 2174-і жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.