Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 79 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Арал, Сырдария және Шиелі ауданының тұрғындары.

25 сәуір 17:40-тағы ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 10 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Оның ішінде, Аралда – 2, Шиеліде – 7, Сырдария – 1 науқас қауіпті індеттен айыққан.

Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 79 адамға жетіп отыр.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Қызылорда қаласында – 9, Арал ауданында – 2, Қармақшы ауданында – 4, Сырдария ауданында – 7, Шиелі ауданында – 41, Жаңақорған ауданында – 16 адам осы індеттен емделіп, үйлеріне шығарылған.

Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.

Тағы да оқыңыз: