Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 172 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданының тұрғындары.
12 мамыр 17:10-дағы мәлімет бойынша Қызылорда облысында тағы 3 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан.
Ерекше атап өтерлігі – Шиелі ауданында осы індетке шалдыққан 66 науқастың барлығы жазылып шықты.
Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 172 адамға жетіп отыр.
Аталған науқастан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.
Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.