Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 172 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданының тұрғындары.

12 мамыр 17:10-дағы мәлімет бойынша Қызылорда облысында тағы 3 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан.

Ерекше атап өтерлігі – Шиелі ауданында осы індетке шалдыққан 66 науқастың барлығы жазылып шықты.

Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 172 адамға жетіп отыр.

Аталған науқастан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.

Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.

Тағы да оқыңыз: