Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысында тағы 2 науқас коронавирустық инфекциядан жазылып шықты.

Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы қызметкерлері COVID-19 вирусымен тіркелген тағы да 2 науқасты емдеп шығарды.

Бұл 2 науқастан тексеру барысында, коронавирус анықталып, емдік хаттамаларға сәйкес ем жүргізілген.

Бүгін, 2020 жылдың 16 сәуірінде 2 науқастан да екі рет қайталама зертханалық талдамалары алынып, теріс мәнді және жалпы жағдайының қанағаттанарлық болуына байланысты, үй жағдайына шығарылды.

Олар алдағы кезеңде 14 күнде аймақтық емхананың бақылауында болады.

Қызылорда облысы бойынша 16 сәуірде COVID-19 вирусымен тіркелгендер саны – 131, жазылып шыққандар саны – 6.

Тағы да оқыңыз: