Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 69 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Сырдария және Шиелі ауданының тұрғындары.

24 сәуір 17:30-дағы ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 14 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Осылайша қауіпті індеттен айыққандар саны өңірде 69 адамға жетіп отыр.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Қызылорда қаласында – 9, Жаңақорған ауданында – 16, Шиелі ауданында – 34, Қармақшы ауданында – 4, Сырдария ауданында – 6 адам осы індеттен емделіп, үйлеріне шығарылған.

Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.

Тағы да оқыңыз: