Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 340-қа жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 233. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Соңғы тәулікте 15 дерек тіркелді. Оның 6-ы медицина қызметкерін скринингтеу барысында анықталса, 2-еуі «Д» есепте тұрған науқасты скринингтеуден, ал біреуі фильтр кабинетінен болса, 6-ы індет жұқтырғандармен байланыста болғандар. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін хаттамаға сәйкес алуда»,-деді бас дәрігер.

Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған- 4298 азамат анықталды. Оның ішінде, 2387-і жақын қарым-қатынаста, 1911-і жанама байланыста болған. Бұдан бөлек, инфекциялық стационарда 82 адам ем алуда. Оның 26-ы карантиндік госпитальда , 31-і провизорлық стационарда, ал 214 азамат карантиндік бақылауда.

Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.

Тағы да оқыңыз: