Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 45 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Қызылорда қаласы және Шиелі ауданының тұрғындары.

23 сәуір 14:00-дегі ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 16 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Осылайша қауіпті індеттен айыққандар саны өңірде 45 адамға жетіп отыр.

Айта кетейік, күні бүгінге дейін Қызылорда қаласында – 9, Жаңақорған ауданында – 16, Шиелі ауданында – 17 және Қармақшы ауданында – 3 адам осы індеттен емделіп, үйлеріне шығарылған.

Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.

Тағы да оқыңыз: