Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында үш жыл ішінде резидентурада оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы саны 70 пайызға артатынын айтқан еді.
Үкіметтің мәліметінше, 2023 жылы гранттар саны 70 пайызға – 1500-ден 2500-ге дейін өсті.
«Мамандар жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады, оның ішінде негізгілері: Акушерлік және гинекология – 214, Анестезиология және реаниматология – 200, Неонатология – 119, Терапия – 115, Жалпы хирургия – 98, Неврология – 92, Психиатрия – 88, Оториноларингология – 83, Кардиология – 78, Офтальмология – 66, Жұқпалы аурулар – 63, Травматология-ортопедия – 62, Эндокринология – 55, қалғандары – 1167» деп жазды ведомстводан.