Kyzylorda-news.kz «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деген тәмсіл бар. Кез келген адам денсаулығы сыр берсе, ақ халатты абзал жандардың көмегіне жүгінері хақ. Біздің кейіпкеріміз – Зәру Қаниева 36 жыл бойы алтын қолды дәрігерлермен қатар иық теңестіре еңбек етуде. 21 жасында «Жан сақтау» бөлімшесінде қызметтік жолы басталған маман адамның бақытты болуының негізгі себебі – денсаулыққа байланысты екенін айқын сезінген.

Сала маманы «Жан сақтау» бөлімшесінен кейін «Жұқпалы аурулар», «Туберкулезге қарсы диспансерлік», аудандық емхананың «Жалпы тәжірибелік» бөлімінде аға аяжан қызметтерін абыроймен атқарады. Қазіргі уақытта білікті маман «Мамандарылған» бөлімнің профильді медбикесі ретінде жұмыс жасауда.

Әріптестеріне сыйлы, отбасында үлгілі отнасы атана білген Зәру Әбіләкімқызы ардақты жолдасы Ғалымжан Маханғалиевпен бірге 34 жыл бойы ұзақ ғұмыр кешуде. Үнемі жұптары жазылмайтын ерлі-зайыпты 2 перзент тәрбиелеп, 5 немеренің сүйікті ата-әжесіне айналған.

– Медицинада біз біле бермейтін тың жаңалықтар күнде жарыққа шығады. Сондықтан сала маманы ретінде заман ағымынан қалыс қалмауға ұмтыламыз. Күнделікті жұмыс барысында сан алуан жағдайды бастан өткеріп, емделуші үшін қолайлы қызметті ұйымдастырамыз. Еңбек еткен бөлімшелерде көптеген қызықты және қиындыққа толы кездер орын алды. Мықты маман болу мақсатында аға буынға қарап, бой түзедік, – деді Зәру Әбіләкімқызы.

Тағы да оқыңыз: