Kyzylorda-news.kz Қызылорда облыстық Көпбейінді облыстық ауруханада бір күнде екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды.
Бірінші науқас 1986ж. туған. Ол 2016 жылдан бері Гломерулонефритпен «Д» есепте тұрады. Науқас Корея мемлекетінде бірнеше рет тексеріліп, ем алған. Дегенімен бүйрек жетіспеушілігі дамып, 2023 жылдан бері диализ қабылдаған. Оған туған ағасы донор болды.
Екінші трансплантация 1998 жылы туған науқасқа жасалды. 2022 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен «Д» есепте тұрады. Сол кезден бері диализ қабылдайды. Науқасқа апасы донор болып бүйрек трансплантациясы жасалды.
Ота сәтті өтті. Науқастардың жағдайы орташа ауырлықта тиесілі ем қабылдап жатыр.
Бұл биыл жасалған алтыншы трансплантация.
Фото: облыстық аурухана