Биолог маман: коронавирусты мейлінше көп адам жұқтырса ғана ауру бәсеңдейді – Kyzylorda News
Басты бет

Биолог маман: коронавирусты мейлінше көп адам жұқтырса ғана ауру бәсеңдейді

28.03.2020, 15:30

947 0

Kyzylorda-news.kz. Биолог маман қауіпті індеттен өлім-жітім қандай жағдайда азаятынын айтты. Маманның пікірінше, ауруды мейлінше көп адам жұқтыруы керек, содан кейін ауру азая бастайтын көрінеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Биология ғылымдарының докторы, GMU Жүйелі биология мектебінің (АҚШ) профессоры Анча Баранова аурудың таралуы бәсеңдету үшін жаңа вирусты мүмкіндігінше көп адам жұқтыруы керек екенін айтты.

Маманның айтуынша, алдымен індет жұқтырғандардың саны ең жоғарғы көрсеткішке жетуі керек, содан соң ол шамамен 10 күнге созылатын үстіртке түседі, кейін жұқтырғандар саны біртіндеп азая бастайды. Бірақ ол үшін карантин шарттарын сақтау қажет.

Профессор АҚШ-та вирус жұқтырғандардың саны тіпті шыңға жетпей жатып, Италияда үстірт кезеңі басталып кеткенін атап өтті.

«Қазір бізде жоғарылау кезеңі, яғни ауруға шалдыққандар саны күн сайын өсіп жатыр. Үстірт – бұл кезең індет жұқтырғандар көрсеткіші бәсеңдеген кезең. Біз біраз уақыт үстірт кезеңінде боламыз, содан кейін індет азая бастайды»,– деді Анча Баранова.

Маман үстірттен кейін жаңа инфекциялардың саны күн сайын азая бастауы керек деп сендірді. Алайда, бұл жағдай карантин талаптарын сақтаған жағдайда ғана мүмкін болады.