Kyzylorda-news.kz «ORDA» жоғары колледжінде Халықаралық СПИД ауруынан дүние салғандарды еске алу күнiне орай «Бірге еске аламыз, бірге махаббат пен ынтымақтастық арқылы емделеміз!» тақырыбында жастар акциясы өтті.

1986 жылы бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы СПИД ауруына төмендегідей түсініктеме берген. Бұл ауру адамдардың НIV вирусымен жұғуынан организмде туатын иммунитет функциясы кемдік ауруы, әсіресе, клетканың иммунитет қызметі бүліну, Т4 лимфа клеткасы азаюды негізгі белгісі еткен жалғасты инфекциялану болып табылады, яғни, паразит құрт, зең бактериясы, вирус, бактерия сияқты ауру қоздырғыштар иммунитет кемдігін пайдаланып, капос еті өспесі сияқты клиникалық белгілерді тудыратын жұқпалы ауру. Жыл сайын дүние жүзінде 650 мыңға жуық адам ЖҚТБ-дан қайтыс болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше осы күнге дейін 40 миллионннан астам адам ЖИТС (СПИД) ауруын жұқтырғаны тіркелген. Көбінесе бұл ауруға 20 және 49 жас аралығындағы ересек адамдар шалдығады екен. Аталмыш дертті емдейтін дәрі әлі табылмады. 

Кейінгі жаңалықтарда СПИД-ке ем табылатыны жайлы оқиғалар, керемет жағдайлар мен жаңа зерттеулер туралы айтылып жүр. Бұл ретте Тимоти Браунның оқиғасы көп науқасты жігерлендіреді. Браун он жылдан бері АИТВ-мен өмір сүруде. Оған ақ қан диагнозы қойылған кезде дәрігерлер оның жілік майын ауыстырып, СПИД-ке қарсы белсенді мутацияға ие донордың жілік майын салды. Қазіргі кезде Браун АИТВ-тен айықты. Әлі күнге дейін денеде болуы мүмкін аурудың қалдықтары енді оның жасушаларына вирус жұқтыра алмайды. Бірақ, өкінішке қарай, жілік майын алу процесі өте қауіпті. Яғни 40% өлім қаупі бар. Сондықтан тәуекелге бел буатындар жоқтың қасы.

Көпшілік бойында ЖИТС вирусы табылғандардан үрейленеді. Сырт киімдерді алмастырып кигенде, тіпті бір төсекте жатып ұйықтаған кезде де ЖИТС вирусының жұғу қаупі жоқ болғандықтан, бұл да негізсіз. Тіпті қан сорғыш және басқа жәндіктер  арқылы жұғу жолы да анықталмаған. Мысық, кой, жылқы, маймылда қоздырғышы АИВ-ке ұқсас иммундық тапшылық болатынына карамастан, үй және жабайы жануарлардан ЖИТС жұғу жағдайы кездеспеген. Әртүрлі инфекциялардан сақтанудың ең тиімді тәсілі – вакцина егу. Алайда вакцина дайындау бағытында тыңғылықты зерттеулер жүргізіліп жатса да, ондай профилактикалық препарат алу әзірше сәтсіз аяқталуда. Сондықтан инфекция жұқтырушылар саламатты өмір салтын берік ұстап, дәрілік препараттарды қолданумен шектеледі.

Акция Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы және “ORDA” жоғары колледжінің бірлесуімен ұйымдастырылды.

Шара барысында колледж директоры Досжанова Гүлжамила Сермағанбетқызы сөз сөйлеп, акция мақсатымен таныстырды. Жастар денсаулық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігері Каусова Сәуле Исмагуловна СПИД ауруы, АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары туралы ақпараттарымен бөлісті. 

Қандай аурудан болсын қорғану үшін адамға ең алдымен білім керек. «Білімді мыңды жығады» дегендей, әрбір жас немесе әрбір азамат АИТВ инфекциясынан қорғану үшін оның жұғу жолын, сақтану шарасын біліп, саламатты өмір салтын ұстанса, ол АИТВ  инфекциясына қарсы тұра алады. Өңірімізде ВИЧ/СПИД-тің алдын алу шаралары 4 бағытта жүргізіледі. Бірінші бағыт — жыныстық қатынас арқылы таралудың алдын алу. СПИД орталығында достық кабинеті жұмыс істейді. Бұл кабинетте өз еркімен келген жастар және халықтың ВИЧ жұқтыруға бейім осал тобы жыныстық жолмен берілетін жұқпаларға тексеріледі. Инфекцияның алдын алу үшін егетін вакцина болмағандықтан халық арасында санитарлық ағарту жұмысы кеңінен насихатталады. Екінші бағыт — қан арқылы таралудың алдын алу. Үшінші бағыт – анадан балаға берілудің алдын алу. Екіқабат әйелдерді екі реттен ВИЧ-ке тексеруден өткізу, ВИЧ жұқтырған екіқабат әйелдерді дер кезінде диспансерлік есепке алып профилактикалық ем жүргізу, баланы іштен жарып алу, туған балаға профилактикалық ем жүргізу сияқты шаралар жүргізіледі. Төртінші бағыт – ВИЧ жұқтырғандарға білікті медициналық көмек,  әлеуметтік қолдау көрсету. Ең бастысы, ВИЧ жұқтырғандарды алалауға, оларға «таңба  басуға» болмайды.

Акция соңында белсенді жастар өнерлерін көрсетті.

Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігерінің орынбасары Утегенова Шолпан Жеңісбекқызы акцияның ұйымдастырылуы мен жүргізілуіне атсалысқан «ORDA» жоғары колледж директоры Досжанова Гүлжамила Сермағанбетқызы, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Абдибаттаева Гүлнар Мәуленқызы және Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Рзахметова Перизат Нұрланқызын алғысхатпен марапаттады. Белсенді студенттерге арнайы сыйлықтар табысталынды.

 

Қорлан САРЫ
Фото:aqmeshit-zhastary.kz

Тағы да оқыңыз: