Kyzylorda-news.kz. Биыл біліктілігін арттыруға мүдделі дәрігерлер мен орта медициналық персоналға Қазақстанның жоғары оқу орындарынан 7 мыңнан аса орын бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» 005 республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру үшін 7 420 орынға 2023 жылға арналған тапсырыс орналастырылсын», - делінген Денсаулық сақтау министрінің бұйрық-жобасында.

Оқу орындарының атауын, дәрігерлер және орта медициналық персоналға бөлінетін орындардың санын мына сілтеме бойынша өтіп, көруге болады. 

Бұйрық-жобасы 2 қазанға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Денсаулық сақтау министріне жолданады.

Тағы да оқыңыз: