Kyzylorda-news.kz  Қашанда ақжарқын, жайдарлы мінезімен емделушінің есінде қалатын Гүлжамал Ізтаева білімі мен біліктілігі толысқан мамандар қатарында. Соңғы 15 жылда Сырдария аудандық ауруханасында қызмет етіп келе жатқан дәрігер басшылықтан жүктелген жұмысты ыждағатылықпен орындап келеді.

Бүгінде Гүлжамал Қалдыбекқызы аудандық ауруханада профилактика және алдын алу бөлімшесінің дәрігері ретінде жұмыс жасауда. Күрделі саланың қыр-сырына қаныққан білікті маман №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейде білім алған. Сонымен қатар Алматы қаласындағы Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығын меңгерген. 

– Қазіргі уақытта жергілікті тұрғындардың жас айырмашылығы бойынша скринингтен өтуге тиісті санаттарға байланысты біршама жұмыс жүргіземіз. Түсіндірме жұмысы барысында жергілікті халық өз денсаулығына қатысты көптеген ақпаратқа қанығады. Әрине, денсаулықты ұдайы бақылауда ұстап, скринингтен өту – маңыздылығын жоймайды, – дейді жалпы тәжірибелік дәрігер. 

Көпшіліктің ойындағасын дөп басатын Гүлжамал Қалдыбекқызы отбасында 2 перзенттің анасы. Ол – әр жылдары көптеген жоғарғы марапатқа қол жеткізіп, абырой биігінен көрінуде.

 

Тағы да оқыңыз: