Kyzylorda-news.kz. Бүгінде медицина қызметкерлері де бетпердені қай жағымен тақса да, айырмшылық жоқ деп санайды. Мәселен, ресейлік дәрігер Александр Мясников бетперденің фиксаторына мән беру керектігін айтады.

“Медициналық бетпердені кез келген жағымен тағуға болады. Ең бастысы, қатты қыры бар фиксаторын мұрынға дұрыс келтіріп алған жөн”, – дейді Мясников Youtube арнасындағы бейнероликте.

Алайда медициналық бетперде шығаратын компаниялар масканың бір жағын ақ, ал екінші жағын көк етіп шығарудың өзіндік себебі бар деп отыр.

“Әрбір қабаттың өзіндік сипаттамасы бар. Адамның бетперді ыңғайлы әрі ұзақ пайдалануы соған байланысты. Мәселен, ақ жағы ылғалды сіңіріп, бетпердің ішінде булану процесіне жол бермейді. Сол себепті оны ішке қарай қаратқан дұрыс. Ал бетперденің көк жағы су жұқтырмайды. Ол сырттан сан алуан биологиялық және басқа сұйықтықтардың кіруінен қорғайды. Сондықтан көк жағын сыртқа қарату қажет”, – дейді мамандар.

Sputnik Қазақстан

Тағы да оқыңыз: