Kyzylorda-news.kz   Қазіргі таңда аймақ басшысының тікелей тапсырмасы аясында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанның шатыры, кәріз-жүйелері және есік-терезелері толықтай ауыстырылып, қабырғалары жаңартылуда.

Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, мердігер мекеме өкілдеріне тиісті тапсырмаларын бердi.

"Құрылыс жобаларын уақытылы әрі сапалы орындау басты міндет. Жұмысты жүйелі жүргізу, оны сапалы әрі дер кезінде аяқтауды қадағалау маңызды", – деді Құрылыс жұмыстарының барысымен жіті танысқан Олжас  Ермекұлы.  

Пайдалануға 35 жыл бұрын берілген аурухана ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары үстіміздегі жылдың наурыз айында басталған болатын. Мердігер мекеме облысымызға белгілі "Абу - Сер" ЖШС. Жөндеу жұмыстарына барлығы 70 құрылысшы, 1 кран және 1 жүк көлігі жұмылдырылған.

Мердігер мекеме басшысы, техникалық қадағалау мекемесі өкілдері және жоба авторларымен сөйлесіп, тиісті тапсырмаларын берген аймақтың бас дәрігері күрделі жөндеу жұмыстарының басқарма бақылауында болатындығын жеткізді. 

Тағы да оқыңыз: