Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков Арал ауданындағы жұмыс сапары барысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан бірқатар құрылыс нысандарымен танысты.

Атап айтқанда, жапсаржай құрылысы, 25 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысы, сондай-ақ аурухананың «Кардиология» және «Инсульт» бөлімшелеріне жүргізіліп жатқан реконструкция жұмыстарының барысын бақылап, тексерді.

Сапар барысында басқарма басшысы құрылыс жұмыстарының сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуына ерекше назар аударып, мердігер компания өкілдеріне нақты тапсырмалар берді. 

Тағы да оқыңыз: