Kyzylorda-news.kz. Кеше Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері Жалғасбек Үсенов бөлімшелерде ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайын біліп, денсаулығына бақылау жасады. 

Мәселен, бас дәрігерге «Терапия» бөлімшесінің меңгерушісі Айгүл Жакупова емделушілердің диагнозын баяндап, оларға тағайындалған ем-шараны уақытылы жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Өз кезегінде Жалғасбек Тұрлыбекұлы емделушілердің жағдайына ұдайы күтім жасау керектігін жеткізді. 

– Бүгін аудандық ауруханада жоспарлы ем қабылдап жатқан емделушілермен кездесіп, денсаулықтарын жақсартуға байланысты жан-жақты пікір алмаса білдік. Әрбір науқасқа сапалы қызмет көрсету – біздің басты талабымыз саналады. Кез келген медицина маманының алдына қойған тікелей мақсат бар. Өз кезегінде аурухананың материалдық базасын кеңейтіп, жергілікті халықтың саламатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасай бермекпіз. Білікті дәрігерлер Қашанда біздіמң жұмысымыз жергілік халық үшін,  – деді бас дәрігер. 

Созылмалы дерті бар жандарға сауықтыру амалдары жан-жақты жасала береді. Бұл ретте, аудан тұрғындары ақ халатты абзал жандарға жасап жатқан қызметтері үшін шынайы алғыстарын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: