Kyzylorda-news.kz.   «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі аясында аудандық аурухананың  бас дәрігері Жалғасбек Үсенов аурухана бөлімшелерінде ем алушы балаларды айтулы күнмен  құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірді.  Медицина саласының мамандарының атынан ерекеше сыйлықтар табыс етті. 

Өз кезегінде аудандық аурухананың  бас дәрігері Жалғасбек Үсенов ата-аналармен балаларды меремен құттықтады. 

Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жаздың алғашқы күнімен келетін мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін басты мереке. Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі болса, ілгері ойлайтын мемлекет пен қоғамның да басты мақсаты – елге ие болатын білімді де Отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті, ұлттың жалғасы. Біздің көңіліміздің гүлі, көзіміздің нұры, болашағымыз – сендерсіңдер! Сондықтан да, Сіздер, сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін белсенділік танытып, еліміздің одан әрі гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуларыңыз керек.

Сендердің оқуда озат болуларыңа, жарқын болашаққа нық қадам басып, еңсесі биік ел азаматтары атануларыңа тілектеспін! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның адал азаматы болуға жетелесін. Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық болсын! Елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар! Әрқашан жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден мейірім кетпесін, – деді бас дәрігер. 

Өз кезегінде ата-аналар мен балалар ерекше ілтипат көрсеткен бас дәрігерге алғыс айтты. 
 

Тағы да оқыңыз: