Kyzylorda-news.kz. Нутрициология ғылымы дамығалы дұрыс тамақтану ережесі ересектер үшін ғана емес, балалар үшін де маңызды екені айтылып келеді. Бала денсаулығының қалыпты дамуы ағзаға сіңімді, пайдалы тағам жеуге тікелей байланысты.
Баланы 6 айда қалай тамақтандыру керек? Сонымен, сіздің балаңыз 6 ай. Бұл жаста көптеген қызықты нәрселер бар: бала өз бетімен отыруға, түрлі ойыншықтарға жауап беруге және әрине, қоспаны немесе аналық сүтті ішуге болады. Көптеген ата-аналар 6 айда нәрестені қалай тамақтандыру туралы және баланың толық даму үшін қандай тағамдарды беру керектігі туралы ойлайды. Алты айында нәресте ана сүті немесе бейімделген қоспасы түрінде қабылдайтын тамақтану баланың барлық қажеттіліктері үшін жеткіліксіз болады. Жаңа тағаммен, яғни қосымша тамақпен танысу керек.
Осы ретте алты айлық нәрестеге қандай жаңа өнімдерді ұсынуға болатындығы жайлы Қазалы көпбейінді орталық ауруханасының балалар бөліміндегі пост мейіргері Мөлдір Үртекова баланың дені сау болуы үшін оны қалай тамақтандыру керек екенін айтып берді.
Аурухана қызметкері, өмірдің бірінші жылында балаға оңтайлы тамақтану – емшек сүті дегенді тілге тиек етті. Осындай қарапайым ақиқатты тек ДДҰ ғана емес, сонымен қатар, ғасырлар тәжірибесі, сондай-ақ, миллиондаған аналардың сезімдері растайды. Дегенмен, ерте ме, кеш пе, әрбір сынықтың өмірінде жаңа тағамды сынап көру керек уақыт келеді. Жас ата-аналарды хаос күйіне түсіретін нәресте рационына өнімдерді енгізудің әр түрлі әдістері бар. Балаларды 6 ай бойы қаншалықты дұрыс тамақтандыру керек?
Оның айтуынша, қосымша тамақ беруді бала 6 айға толған кезде бастау керек. Баланың өсіп, белсендірек болуы үшін оның толық тағамға деген және физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жалғыз ана сүті жеткіліксіз. Сондай-ақ, темір, А дәрумені және басқа да қоректік заттардың көлемі 6 айдан кейін баланың бойының жақсы өсуі және дамуы үшін жеткіліксіз болады. Тек, ана сүтінен алатын энергияның, темірдің және басқа ауыстыруға келмейтін нәрлі заттардың арасындағы айырмашылықтардың орнын толтыру және өсіп келе жатқан ағзаға қажетті алиментарлық мұқтаждықтарды өтеу үшін қосымша тамақ беру қажет.
«Қант пен тұз ақ у» деп бекер айтпаған. Бала жыласа, қолына тәтті ұстата салмаңыз. Қантты жемістен, көкөністен алса, ол табиғи болады. Глюкоза, фруктоза табиғи түрде ағзаға сіңімді әрі пайдалы.
Өңделген қанттың зияны айтпаса да түсінікті. Мәселен, күріштен ботқа жасап, оған қант қоссаңыз, құнары кемиді. Қазір балалар арасында қант диабеті мен семіздік, аллергия аурулары өте көп. Бастауыш сынып баласының дене салмағы жасына сай емес. Демек, анасы 6 айлығынан бастап тамағына қант пен тұз қосып, ағзасын соған үйреткен деген тұжырымды мамандар жоққа шығармайды.
Балаға қанттың орнына кепкен жемісті, балды, жемістің езбесін қосып беруге болады. Дүкендегі құрамы бояғышқа, ароматизатор мен консервантқа толы өнімді жегізбеу керек. Есейе келе, газды сусынға, мектепке барғанда қытырлақ картопқа әуестенбегені жөн. Тұзды шамадан тыс пайдалану денеге су жинап, ісіндіреді. Бүйрек, қан-тамыр ауруларына әкеледі.
Баланың тамағы үшін дұрыс таңдалып алынған азық-түліктерді уақытылы беру емшектегі балалар мен ерте жастағы балалардың денсаулығын нығайтуға, тағамның мәртебесін жақсартуға және денесінің дамуына ықпал етеді. Талаптарға сай келмейтін тағам бала ағзасына нәрлі заттардың жеткіліксіз түсуіне ықпал етеді.
– Бүкіл тамақ беру кезеңі ішінде ана сүтімен емізу жалғаса береді. Кем дегенде тәулігіне 6 рет. Ана сүтімен емізуді жалғастыра отырып, онымен бір мезгілде тамақ беру өзінің құрамы, дәмі, иісі және сыртқы түрі жағынан алуан түрлі тағам өнімдерін беру үдерісінен тұруға тиіс, – дейді Қазалы көпбейінді орталық ауруханасының балалар бөліміндегі пост мейіргері Мөлдір Үртекова.
Қосымша тамақ беру кезінде мынадай талаптарға мән берген жөн екен. Біріншіден, қосымша тамақты дер кезінде баланың 6 айлығынан бастап енгізу қажет. Реттілігі бойынша жеуге жеткілікті тағам болуы шарт. 6 айдан - 1жасқа дейінгі бала 3 рет қосымша тамақ+ана сүтімен 24 сағат бойында кемінде 6 рет емізген дұрыс. 1жастан - 2 жасқа дейін 3 негізгі қосымша тамақ алу+2нәрлі ауыз тию+ана сүтімен емізуді жалғастыру қажет.
Құнарлық құндылығы талапқа сәйкес болғаны абзал. Қосымша тамақтың тағамы әртүрлі болуы тиіс. Мысалы, ет пен балық, түрлі жарма, көкөніс пен жеміс, жұмыртқа, бұршақтар, үгітілген жаңғақ, сүт өнімдері. Сондай-ақ, тамақтың қоюлығы жеткілікті жасалғаны дұрысырақ. Мұндайда салынған қасық баяу батады және оны байыту үшін 1 шай қасық өсімдік, немесе, сиыр майын, болмаса, үй қаймағы қосылады.
– Ең бастысы – жеке бас гигиенасын сақтап, сабынмен жуылған таза қол, таза ыдыс, таза су, тамақтың дұрыс сақталуы – қауіпсіздіктің кепілі. Қосымша тамақ үшін ұсынылатын азық-түліктерге – ет, балық, бауыр, көкөністер, жемістер, бұршақ тұқымдастар жатады. Әркез тамақтандырған сайын тамақ алуан түрлі болуы шарт. Алдымен жарма тағамдары: күріш,қарақұмық немесе көкөніс езбесі: пісірілген картоптан, сәбізден, шалқаннан, қырыққабаттан, езбе түріндегі жемістер: банан, алма, алмұрт, шабдалы, одан кейін майсыз ет түрлерінен езбе ретінде ет, бұршақ тұқымдастардан қабығы алынып, әбден пісірілген езбе беріледі, – дейді бала мейіргері.
Тамақтың көлемін бірте-бірте көбейте отырып, екі шай қасықтан бастау керек. Баланың жаңа дәмге үйренуіне уақыт беру керек. Нәрестеге бірінші рет берілетін тамақтың жылы, өте жұмсақ, әбден езілген, ешбір түйіршіксіз, езбе деңгейіне жеткізілген және қою болмауы қажеттігін ұмытпаңыз. Бұл шақтағы сәбиге қант, бал, тамаққа тұз бен дәмдеуіштер қосуға болмайды.
Тамақпен бірге бөбек сұйықтықтарды да, яғни су, жеміс шырынын қабылдауға тиіс. Оны емізік кигізілген бөтелкемен емес, қасықпен немесе балаға арналған арнайы ыдыспен ішкізу қажет.
Мөлдір Үртекова, бала жиі ауырмасын, көңіл-күйі тез бұзылмасын, дамуы баяуламай, әлсіз болмасын деген ата-ана дұрыс тамақтануды қазірден қолға алғаны жөн екенін айтады. Ақхалатты абзал қызметкер дұрыс тамақтануды отбасы әдетіне айналдыруға кеңес береді.