Kyzylorda-news.kz Қырғызстан Ауғанстанда өндірілген "Golden Life" газдалған анар сусынына тыйым салып жатыр. Бұл туралы kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ош қаласында анар сусыны сауда орындарынан тәркіленіп жатыр.
Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі жанындағы аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бұйрығына сусын сай келмейді екен. Тыйым халықтың, әсіресе балалардың денсаулығын қорғау мақсатында жүргізіліп жатыр. Өйткені сусынның құрамында балалардың белсенділігі мен зейініне теріс әсер ететін азорубин E 122 бояғышы бар.
Сауда желілерінің басшыларына осы өнімдерді сатуға тыйым салу туралы бұйрықтар берілген.
Қазақстанда бұл сусындар сатылады әрі бағасының төмендігімен танымал.
Фото: Ош мэрінің баспасөз қызметі