Kyzylorda-news.kz  Айдынды Аралдың Шөмішкөл бөлімшісінен түлеп ұшқан Анар Ибраймова медицина саласына еңбегі сінген дәрігер. Қарапайым отбасынан шыққан Анар Жаңабайқызы қай кезде де, биязы қалпынан таймайды. Саламатты өмір салтын ұстанатын дәрігер мектепті үздік бітіріп, ата-анасының мақтанышына айналған.

Негізінен, Анар Жаңабайқызы Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Педиатрия» мамандығы бойынша білімін жетілдірген. Сала маманы медцинаға келмес бұрын білім саласында аз ғана уақыт қызмет еткен. Ал өзінің сүйікті мамандығы бойынша Сырдария аудандық «Өкпе аурулар» ауруханасында рентгенолог дәрігер ретінде еңбек жолын бастаған. Өз кезегінде кәсіби біліктілігі жоғары маман 2008 жылдан бері фтизопедиатр болып қажырлық танытуда. Айта кетейік, Анар Жаңбайқызы жеңіл атлетикамен тұрақты түрде айналысады. 

– Өзім сүйікті қызметіме қызығамын. Балалармен жұмыс жасау асқан жауапкершілікті жүктейді. Балалар арасында туберкулез дертінің болдырмау үшін барымызды саламыз. Үнемі түсіндірме жұмысын жүргізіп, денсаулықты жақсартуға байланысты кешенді іс-шараларға иек артамыз. Дене қимылына көңіл бөлген адамның денсаулығы мықты болады. Жеңіл атлетиканың жүгіру спортымен ұдайы айналысамын, – деді дәрігер.

Тағы да оқыңыз: