Kyzylorda-news.kz Бүгін Сырдария аудандық ауруханасына қарасты  Қалжан Ахун, Сәкен Сейфуллин, Асқар Тоқмағамбетов ауылындағы емдеу мекемелерінде  ауылдарына дәрілік заттардың нормативтық құқықтық заннамаларына сәйкес сақталу ережелеріне және АЛО бойынша науқастардың қамтамасыз етілуі бойынша мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында жалпы тәжірибелік бөлімнің меңгерушісі Ақтоты Жақсылыкова, дәріхана менгерушісі, провизор Бақыт Шакирова, дәріхана фармацевті Сымбат Канибаева жергілікті халыққа медициналық көмекті үйлестіретін сала мамандарына түсіндірме жұмысын жүргізді. Сонымен қатар аталған салаға бағытталған ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары негізінде талап етілетін қызмет бөлінісі сараланды. Нормативтық құқықтық  заннамаларының  сақталуын қадағалануы сала мамандарының қатысуымен жылдың әрбір тоқсаны сайын жүзеге асырылады.

– Аудандық ауруханаға қарасты бөлімшелерде дәрілік заттармен медициналық бұйымдардың сақталуына және елді-мекендерде амбулаториялық денгейде науқастардың уақытында дәрілік заттармен қамтамасыз етілуі – аса маңызды. Сондықтан біз сапалы жұмыс жасау үшін жан-жақты қадағалауды күшейтеміз. Әрбір елді мекендегі медицина мамандарына сан түрлі бағыт-бағдаруге тиіспіз. Денсаулық сақтау саласында барлық дүние – қатаң ереже бойынша жүргізіледі. Медицина мамандарына заң  мен нәтижелі жұмыс ортақ, – деді аудандық дәріхана менгерушісі, провизор Бақыт Шакирова.

Айта кетейік, мониторинг жұмысы ауданға қарасты барлық ауылда жалғасы табатын болады.

Тағы да оқыңыз: