Kyzylorda-news.kz  Байқоңыр қалалық мәдениет сарайында Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті.

Іс-шарада облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай және Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысы Константин Бусыгин денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Өз сөзінде Қайрат Нұртай Сыр өңірінде тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіруде Мемлекет басшысының қолдауымен Үкімет және облыс әкімдігімен кешенді жұмыстар атқарылып жатқанына баса назар аударды. Қалалық көп бейінді аурухананың материалдық-техникалық базасының үстіміздегі жылы жаңартылатынын тілге тиек етті. Бұл шаралардың кешенді түрде қаламыздың денсаулық сақтау ұйымымен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруда өз септігін тигізерін атап өтті.

Шара барасында бірқатар сала қызметкеріне Денсаулық сақтау министрлігі мен облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің және қала әкімшілігі басшысының марапаттары табысталды. Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласты.

Тағы да оқыңыз: