Kyzylorda-news.kz Жастар арасында дәрігер мамандағына қызығушылық қашанда басым болып келеді. Мектеп қабырғасында жүргеннен медицина маманы болуға ұмтылатын ауыл балаларына үлгі атанған Лайла Жүкекова – Шаған елді мекенінің келені. Өзі Жалағаш ауданында 1983 жылы дүниеге келгенмен, арада бірнеше жыл өткеннен кейін Тереңөзек кентіне отбасымен бірге қоныс аударған.
Жалпы, Лайла Нажматқызы аудан орталығындағы білімнің қарашаңырағы – №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейде білім алған. Сонымен қатар Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде дәрігер мамандығын меңгерген. Оқу бітіргеннен кейін ол – №2 қалалық емханада қызмет еткен. Кейінгі жылдары Сырдария аудандық ауруханасында, Шаған ауылындағы ауруханада «Жедел жәрдем» дәрігері, күндізгі бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарса, бүгінде ауылдық ауруханада жалпы тәжірибелік дәрігер болып жұмыс жасайды.
Сала маманының жолдасы Айбек Шарипов №37 мектеп-лицейде мұғалім болып қызмет атқарады. Сала маманы берекелі шаңырақта 4 перзентке тәлім беріп, ерінің бабын табуда.
– Шаған ауылында 5000-ға жуық халық бар. Біз қашанда ауыл халқына медициналық көмек көрсету үшін жауапкершілік танытамыз. Әрине, әрбір адамның денсаулық жағдайын саралап, алғашқы көмек көрсетуде асқан жауапкершілік танытамыз, – дейді сала маманы.