Kyzylorda-news.kz Аудан орталығынан шалғайда орналасқан Айдарлы ауылында 1300-ден аса халық бар. Бірлігі бекем, тірлігі көркем ауылда білікті дәрігер Ерболат Орынбасаров халық денсаулығын жақсарутға үлес қосуда. Үнемі аудан орталығы мен ауыл арасын жол қылған сала маманы Шаған ауылының тумасы. Алғаш жас дәрігер Қызылорда қаласындағы медициналық колледжін бітірген. Сонымен қатар «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығы бойынша Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білімін жетілдірген.
Осыдан 11 жыл бұрын әскери орышын өтеген сала маманы халыққа қалтқысыз көмек көрсетуге дағдыланған. Күнделікті жұмыс барысында үйлерді аралап, төсек тартып жатқан науқастардың жағдайын назарда ұстайды. Уақытпен санаспайтын дәрігердің зайыбы Гүлназ Кәрімжанқызы Шымкент қаласында дүниеге келген. Жас ерлі-зайыпты бір салада еңбек етеді. Оның аяулы жары да, «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығын игерген. Қазіргі уақытта Қызылорда қаласындағы №1 емханада жұмыс жасайды. Бүгінде жарысымды жұп 1 перзенттің ата-анасы.
– Айдарлы ауылында жергілікті халыққа медициналық кеңес беріп, сырқатынан айықтырамыз. Созылмалы дерті бар жандарды бақылауда ұстауға мүдделіміз. Әрдайым халық алығысына бөленіп, ауыл медицинасының алға басуы үшін жұмыс жасаймыз, – деді жас дәрігер.