Kyzylorda-news.kz. Желілік кестеге сәкес, Аманкелді ауылына қарасты дәрігерлік амбулаториясында Сырдария аудандық ауруханасының фтизитр дәрігері Ләззат Ибраимованың қатысуымен туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша медицина қызметкерлері арасында семинар өткізілді. 

Семинар мақсаты – халық арасында туберкулезді ерте анықтау, оның алдын алу жолдарын жітілдіру болып табылады. Сала мамандарымен жүздесу барысында қатысушылар туберкулез ауруының клиникалық белгілерімен, алдын алу іс- шараларымен таныстырылды. Сонымен қақырық жинау ережесі мен тасымалдау әдісіі туралы маңызды нұсқаулықтар берілді. Манту сынамасын қоюға және БЦЖ ревакцинасына көрсеткіштер мен қарсы көрсетілімдер, екпе салу техникасы және БЦЖ екпесінен кейін болатын реакциялар жан-жақты талқыланды. Тұрғындарға арнайы онколог-Халыбаева .М.С, акушер гинеколог – Абишева Н.Т,психолог-Маханбеижанов.М ,психиатр-Бакишева С.К, және ерлер қарау кабинеті-Қошанов. Н жалпы тәжірибелі дәрігер тұрғындарға жан-жақты кеңес берді. Сонымен қатар дәрігерге дейінгі кабинетінің, әйелдер карау кабинетінің мамандары, гинекологиялық ультра дыбыстық зерттеулер арқылы көпшіліктің денсаулығына барынша тексеру жүргізді. Ашық есік күнінің бір ерекшелігі – МӘМС жүйесі бойынша сақтандырылмаған жергілікті азаматшаларға тегін қызмет көрсетілді.

Тағы да оқыңыз: