Kyzylorda-news.kz Сырдария аудандық ауруханасының мамандары созылмалы жүрек жетіспеушілігі дертіне байланысты ашық есік күнін өткізген болатын. Өз кезегінде тәжірибелі маман, кардиолог-дәрігер Алтынай Өмірбаева науқастарды қабылдады. Ақ халатты дәрігер аталған дерттің пайда болу белгілеріне тоқталды.

– Жүрек жетіспеушілігіне әкелетін сырқаттар мен себептер өте көп. Жүрек жетіспеушілігі  деп ағзалар мен тіндердің дұрыс жұмыс атқаруына қажет заттармен қамтамасыз ету  үшін негізделген қан айналым аппаратының өзінің жұмысын атқара алмауын айтады. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі бұл өзіндік бөлек нозология емес, ол көбінесе әртүрлі аурулардың асқынуы ретінде пайда болады. Сырқаттың клиникалық көрінісіне жаттығуларға төзімділіктің төмендеуі, Шаршау, жаттығудан кейін қалпына келу уақытының артуы, тобықтардың ісінуі, ентігу, жатқан кезде тыныс алудың қиындауы, түнгі тұншығу эпизодтары, ауа жетпеу сезімі жатқызылады. Негізгі дерттің міндетті тексеру диагностикасына Pro BNP анализі, ЭКГ, жхокардиография, жүректің УДЗ-і рентген түсірілімі қарастырылады, – деді дәрігер.

Тәулік бойы аудан тұрғындарына жан-жақты кеңес беріліп, кейбір науқастардың сырқаты бар екені анықталды. 

Фото: kaz.caravan.kz

Тағы да оқыңыз: