Kyzylorda-news.kz. Өткен аптада аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясының отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұловтың қатысуымен өткен сессияның күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
Аталған үш мәселенің алғашқысы «Арал ауданында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» аудан әкімдігі қаулысының жобасына келісім беру туралыаудан әкімінің орынбасары Е.Әбішев хабарлама жасаса, «Арал ауданы көлемінде құрылған №1-55 учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы №217 шешіміне өзгерістер енгізу туралыаудандық сайлау комиссиясының хатшысы Л.Сәтекеева баяндады.
Ал күн тәртібіндегі үшінші сауал төңірегінде аудандық мәслихаттың бөлім басшысыС.Әуесов«Арал аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы айтты.
Хабарламашылардың сөзінен кейін «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихат осы үш мәселе жайында оң шешім шығарды.
Сессия соңында аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов аудандық мәслихат депуттарының жұмысына сәттілік тілеп, елдегі мәселелерді бірлесе отырып шешуге сенім білдірді.