Kyzylorda-news.kz. Арал ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны – 31 228 адам. Жалпы аудан тұрғындарының үлесі 38 пайызын құрайды.
Аудан көлемінде үстіміздегі жылдың осы кезіне дейін аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 75 спорттық іс-шара, оның 5-і республикалық, 6-уы қалааралық, 50-і аудандық, 14-ті кент, ауылішілік, мекемеішілік өткізілді. Олардың ішінде көлемді шаралар – волейболдан Асхат Аханов атындағы республикалық дәстүрлі турнир, грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында акробатикадан қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері Дәри Құттымұратовты еске алуға арналған республикалық турнир өткізілді. Мұнан бөлек бокстан жасөспірімдер арасында еліміздің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Жалдыбай Нұрпейісовті еске алуға арналған республикалық турнир өтті.
Спортшылардың да көрсеткіші жоғары. Қазақстан Республикасының ресми чемпионаттары мен біріншіліктері жарыстарында аудан спортшылары 44 медальға ие болды. Оның 18-і – алтын, 12-сі – күміс, 14-і – қола.