Kyzylorda-news.kz. Жақсы дәрігер болу үшін адамның ауруын ғана емес, жан-дүниесін де түсіну керек. Ем іздеп келген науқасқа жылы шырай танытып, үнемі күліп қарсы алатын білікті маман пациенттері үшін де сыйлы әрі ондай маманды арнайы іздеп келетіндер де көп. Өйткені, тәні ауырған адамның жанын да емдей білген маман жұртшылықтың құрметіне бөленері хақ. Сол үшін де ақ халақтты абзал жандарға көрсетілер құрмет ерекше.

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз антына адал, ауыл халқының алғысына бөленген  дәрігер хирург Тағыбергенов Дәуірхан Жеткербайұлын ерекше атап өтуге болады.  Ол 1991 жылы 13 желтоқсанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылында дүниеге келген. Қызылорда облысындағы №4 Облыстық тереңдетілген физика математика дарынды балаларға арналған мектеп интернатын бітіріп, 2009 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетіне оқуға қабылданып, 2016 жылы хирург мамандығы бойынша тәмамдаған. Дәуірхан Жеткербайұлы ең алғашқы еңбек жолын Ақтөбе облысы Ырғыз  ауданынан басталған. 2019 жылы Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасынның ота бөлімінде оташы болып қызмет атқарған. Ол бүгінде Сырдария аудандық ауруханасының хирургия  бөлімінде дәрігер хирург қызметін атқарады. Қазіргі таңда, жедел және жоспарлы оталар жасауда. Атқарған еңбегі үшін Тағыбергенов Дәуірхан Жеткербайұлы Денсаулық сақтау министрінің алғысымен марапатталған.

Мамандықтың ең қадірлісі – дәрігерлік. Ақ халат киіп, антқа адал болу, халық денсаулығы үшін еңбек ету екінің бірінің қолынан келмейді. Медицина саласын таңдаған адамға ептілікпен қатар үлкен жүректілік те қажет-ақ. Осы ретте еңбегі еленіп, тұрғындар алғысына бөленіп жүрген Дәуірхан Жеткербайұлын айтулы мерекемен құттықтай отырып, жауапты қызметіне сәттілік тілейміз. Отбасына амандық, деніне саулық тілейміз. Кәсіби біліктілігіңіздін арқасында биік асулардан көріне беріңіз демекпіз!
 

Тағы да оқыңыз: