Kyzylorda-news.kz Тереңөзектік Алтынай Сүлейменова үнемі кез келген ата-анаға көмекке келеді. Себебі, баласында тіл мүкістігі бар ата-ана аудандық емхананың логопед-дефектолог маманының көмегіне жүгінеді. Сөйлеу қабілеті төмен балалармен тығыз қарым-қатынас орнатып, емдеуге барын салатын маман өз ісін жетік меңгерген.
Ұдайы жайдарлы мінезінен таймайтын Алтынай Сүлейменова ересек адамдарға да ем-шара жүргізеді. Бүгінде «Амбулаториялык медициналык оңалту жане калпына келтіру емі» бөлімшесінде логопед-дефектолог маманы ретінде жұмыс жасайтын Алтынай Сүлейменова №210 Оспан Әбілпаттаев атындағы орта мектепте білім алған. 2013-2020 жыл аралығында Сырдария аудандык емханасының кардиолог кабинетінің медбикесі болса, кейінгі жылдары аутизмі балалар мен инсульт алған жандарға қолғабыс етуде.
Отбасында жолдасының асыл жары болса, қызметте мақтаулы маман.
– Күнделікті 18-20 науқасқа ем-шара жүргіземіз. Әрдайым балалар мен үлкен кісілерге қолдан келген көмегімді аямаймыз. Тілге жасалатын жаттығуларды жасаудың пайдасы зор. Біз емдеу барысында жақсы нәтижеге қол жеткізген жағдай ерекше қуанамыз. Әрине, сенім артып келген науқастардың үмітін ақтаймыз, – сала маманы.