Kyzylorda-news.kz Ауыл медицинасының жұмысына тереңнен қаныққан Бахыткүл Қайбылда Шіркейлі ауылындағы емхана меңгерушісі ретінде жемісті еңбек етуде. Әрдайым қызметте табандылығымен танылған біліктілігі жоғары дәрігер 1968 жылы Нағи Ілиясов ауылында дүниеге келген. Іргелі елді мекендегі білім ошағында ұлағатты ұстаздардан тәлім алған Бахыткүл Ерлібекқызы Ақтөбе қаласындағы медициналық университеттен дәрігер мамандығы меңгереді.

Негізінен, білікті дәрігер 1992-1993 жылдар аралығында аудан орталығында «Жедел жәрдем» меңгерушісі қызметін атқарады. Сондай-ақ 1993-1998 жылдар аралығында Нағи Ілиясов ауылындағы 35 орындық аурухананың меңгерушісі атанады. Кейіннен, Шіркейлі ауылындағы емхананың меңгерушісі қызметіне кіріседі. 26 жыл бойы ауылдағы ағайынмен етене араласып, денсаулық жағдайына барынша қанығады.

Осыдан 30 жыл бұрын аяулы жан Жолдас Құрақбаймен отау құрып, 3 ұл, 1 қызды дүниеге келді. Білікті маманның әр жылдары мерейі тасып, «Денсаулық сақтаулық саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі секілді бірнеше марапатқа қол жеткізген. Әрдайым сала маманы әріптестерімен бірге Шіркейлі ауылында денсаулық сақтау саласының өркендеуіне ықпал етуде.

Тағы да оқыңыз: