Kyzylorda-news.kz.   Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Үкіметінің отырысына қатысты, оның барысында елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады және ҚР-да КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша болжамды жариялады.

А.Цой өз баяндамасында атап өткендей, денсаулық сақтау министрлігі алдағы 3 айға коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңартты. Мәселен, пессимистік сценарийде тіркелген жағдайлардың орташа тәуліктік саны қараша айында 1 800-ге дейін, желтоқсанда 2 350-ге дейін болады.

Реалистік сценарийге сәйкес, қараша айында-1 650 жағдайға дейін, желтоқсанда – 1 600 жағдайға дейін. Оптимистік сценарийде қараша айында -1 500 жағдайға дейін, желтоқсанда тәулігіне 1 100 жағдайға дейін.
Сонымен қатар, А.Цой Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттанушылық 11%-ға төмендегенін атап өтті.

«Жалпы, Қазақстанда соңғы екі айда аурушаңдық 4,5 есеге, ал өлім-жітім 4,8 есеге төмендеді. Қазақстан бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің жұмыспен қамтылу деңгейі 56-дан 37%-ға дейін, реанимациялық төсектер 45-тен 30%-ға дейін төмендегені байқалады. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты уақытша инфекциялық нысандарды жабу жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың 25 тамызы мен 18 қазаны аралығында барлық өңірлерде 103 нысан немесе 30 881 инфекциялық төсек жабылды», – деді А. Цой.

ҚР-да КВИ-ге қарсы вакцинация жалғасуда. Бүгінгі күні бірінші компонентпен 8,2 млн.адам егілді, тиісті халықты қамту халық санының 71,9% – ын немесе 43,4%-ын құрады, екінші компонентпен 7,3 млн. астам адам егілді, тиісті халықтың 64,6%-ын немесе халық санының 39%-ын қамтыды.

Тағы да оқыңыз: