Kyzylorda-news.kz. Адам өмірінде екі нәрсені бағалау керек. Ол – Алланың берген өмірі мен денсаулығы. Бақытты ғұмыр кешу денсаулыққа байланысты. Сондықтан «Денсаулықтың қадірін ауыр-ғанда білерсің» деп халық бекер айтпаған.
Бізің бүгінгі кейіпкеріміз – денсаулық сақшысы, мамандығын сүйікті ісіне арнаған ақ халатты абзал жан Салтанат Рүстембекқызы.
Дәрігер Салтанат Рүстембекқызы аудандағы қыз-келіншектердің нағыз жанашыр досына айналғанына біршама жыл болды. Акушер-гинеколог ретінде өзінің дәрігерлік кеңесін беруден жалықпайтын Салтанатпен мереке қарсаңында әңгімелесудің сәті түсті.
Акушер-гинеколог, ана денсаулығын жіті қадағалап, әйел адамның саулығын арттыру үшін күні-түні қызмет атқаратын маман иесі. Жүктілікті жоспарлап, әйелдің босанғанға дейінгі ахуалы мен күтімі дәл осы абзал жандардың жауапкершілігіндегі шаруа.
Әр ісіне осындай жауапкелшілікпен қарайтын маман иесі – Салтанат Рүстембек. Ол 1992 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келіп, 1998-2007ж аралығында дарынды балалар мектебінде оқыған. 2005 жылы Сырдария ауданына қоныс аударып, № 210 О.Абдулпаттаев атындағы қазақ орта мектебіне оқуға қабылданып, 2009 жылы бітірген. 2009-2016 жж БҚМУ акушерия гинекология саласы бойынша білім алып, 2016-2019 жж осы мамандық бойынша резидентураны жалғастырған. Сонымен бірге 2019 жылы Сырдария аудандық ауруханасының Шаған елді мекенінде аймақтық акушер-гинеколог қызметін атқарған. 2020 жылы «Перзентхана» бөлімішене акушер-гинеколог, және «Гинекология» бөлімшесінің меңгерушісі қызметіне алмасып, қазіргі уақытта қызметін абыроймен атқаруда.
Негізінен, «Жатыр мойны патологиясы», «Интимді эстетикалық гинекология» тақырыбында білімін жетілдірген. 2021 жылдан бері Қалалық көпбейінді аурухананың гинекология бөлімінде кезекші дәрігері болып қызметін атқаруда.
– Дәрігер – кең ұғым, қастерлі мамандық. Ауырған сәтте адам жанына араша, кісі денсаулығы үшін жауапты болатын жандардың атқаратын жұмысы да ауқымды. Саланың қызығынан шыжығы көп десек те, дәрігерлікті жан қалауымен таңдаған жан үшін адамдарды емдеу ісі қуаныш сыйлары анық. Шын мәнінде, аудан әйелдерімен сырласып, денсаулығына жеті көңіл бөлуді назарына саламыз. Шын мәнінде, ана мен бала бала денсаулығына аса күтім керек. Сондықтан аналарға барлық жасаймыз, – дейді білікті дәрігер.
Қызмет пен отбасын қатар алып жүрген ақ халатты абзал жанды төл мерекесімен құттықтаймыз! Адам өміріне арашашы абзал жанды төл мерекемен құттықтай отырып, отбасына амандық, деніне саулық, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіз деген тілегімізді білдіреміз.