Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ысқақов Олжас Ермекұлының медициналық ұйымдар жұмысымен танысу сапары Шиелі ауданында жалғасты. 

Аймақтың бас дәрігері алдымен «Тартоғай», «Балаби», «Бәйгеқұм», «Ақтоған», «Жөлек», «Алғабас» дәрігерлік амбулаториясының ахуалы, жедел жәрдем стансасы, жұқпалы аурулар бөлімшесі, «B.B.Nura» гемодиализдік орталығы, «Көкшоқы» ауылдық емханасы және Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының жұмысымен танысты. 

Одан соң Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының мәжіліс залында медицина қызметкерлерімен кездесіп пікірлесті.

Медицина мекемелері жұмысымен танысқан өңір бас дәрігері халыққа әрдайым сапалы әрі медициналық қызмет көрсету басты мақсат екендігін айта келе, көңіл аударатын тұстарға тиісті тапсырмаларын беріп өтті.                                                                                                                                                                                                                           
Басқарма басшысы сонымен қатар, тұрғындар ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатында халық арасында қоғамдық қабылдау өткізді. Онда тұрғындар медициналық кеңестерге жүгінді. Өз кезегінде Олжас Ермекұлы айтылған өтініштердің шешу жолдарын қарастырып, тұщымды мағлұматтар беріп өтті.

Кездесу соңында қоғамдық қабылдауға келгендер қатары аймақтың бас дәрігеріне ризашылықтарын білдіріп тарқасты.

Тағы да оқыңыз: