Kyzylorda-news.kz Өңірде облыстық онкологиялық диспансердің жылжымалы медициналық кешені жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «Қазақстан халқына» қоры аймаққа онкологиялық ауруларды дер кезінде скринингтік тексеру мен профилактикалық тексеруден өткізуге арналған заманауи жылжымалы медициналық кешен сыйлаған болатын.

Шиелі ауданындағы баспасөз туры барысында журналистер онкологиялық қызметтің алғашқы жылжымалы медициналық кешенінің жұмысымен танысқан еді.

Облыстың ірі аудандарының бірінде 78 мыңнан астам халық аудандық емханада тіркелген. Диспансерлік есепте 122 онкологиялық науқас болса, оның көбісі сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан.

Өткен жылы Нұргүл Атабаеваға сүт безінде киста мен түйін бар деген диагноз қойған. Әйел емделді. Облыстық онкологиялық диспансер дәрігерлерінің үкімін тағатсыздана күтіп жүрді. Қуантарлығы, жаңа өскіндер жоқ.

– Жылжымалы медициналық кешенде маммография және ультрадыбыстық зерттеу жүргізді. Онколог шешімін берді. Уақытылы анықтау және емдеудің арқасында патологиялар жоқ. Әр алты ай сайын тексеруден өтуді ұсынды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында қымбат медициналық қызметтер қолжетімді, жылжымалы медициналық кешенде тексерулерден өтуге болады. Бұл әсіресе қатерлі ісікке шалдыққан науқастар үшін маңызды, – дейді Нұргүл Атабаева.

Жылжымалы медициналық кешен томосинтез функциясы бар сандық маммографиялық аппаратурамен, ультрадыбыстық жүйемен және жоғары зерттеу дәлдігі бар компьютерлік томографпен жабдықталған. Құрал Жапонияда жасалған. Бұл санаттағы медициналық жабдықтар Қазақстанда алғаш рет пайдалануға берілді.

“Қатерлі ісік өлім жазасы емес, дүрбелеңге себеп емес” дейді Шиелі ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Қазбек Шәукебаев. Бұл сіздің денсаулығыңызға жауапты көзқарасты арттыруға және қалпына келтіруге қадам жасауға ынталандыру.

– Скрининг – ауруды ерте анықтау. Бұл тегін медициналық қызмет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақ тандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға қолжетімді. Сондықтан уақытылы тексерулерден өту маңызды. Қатерлі ісік ерте сатысында анықталған науқастар саны көп. Онкологиялық науқастардың өмір сүру ұзақтығы артты. Әрине, бұған МӘМС жүйесі ықпал етіп, денсаулық сақтау саласының жұмысын құрылымдады, қаржыландыру көлемі артты. Мәселен, өткен жылы аудандық аурухана компьютерлік томографиялық аппарат сатып алды, – деп атап өтті Қазбек Шәукебаев.

Биыл Шиелі ауданаралық ауруханасына Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 7,9 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді.

 

А.АХАНОВА
Фото: ru.pinterest.com

Тағы да оқыңыз: