Kyzylorda-news.kz Біздің кейіпкеріміз Айгүл Тәуекелова аудан медицинасында елеулі еңбегімен дараланған мақтаулы маман санатында. Бүгінде білікті дәрігер әрбір ақжармалықтың денсаулығына жауапты атануда.

Негізінен, Айгүл Кемелбайқызы 1971 жылы Арал ауданында дүниеге келген. Сала маманы туған жер топырығындағы №14 Крупская атындағы орыс орта мектебін тәмамдағаннан кейін Семей мемлекеттік медицина институтында «Педиатрия» бөлімінде мамандық алған. 1994-1997 жылдар аралығында Іңкардария ауылдық дәрігерлік емханасында бөлім меңгерушісі болып жұмыс атқарған. Сонымен қатар тәжірибелі дәрігер Ақжарма ауылында 24 жыл бойы жұмыс жасауда. Өз ісінің білгірі осыдан 6 жыл бұрын Денсаулық сақтау жүйесінің үздігі» байқауына қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінген. Бірнеше мәрте жоғарғы марапат иеленген дәрігер көп балалы ана. Қазіргі уақытта 5 перзент тәрбиелеп отырған ардақты жан ауыл адамдарына көмек қолын созудан жалықпайды.

– Кез келген дәрігер алдына келген емделушімен емен-жарқын әңгімелесіп, сырқатына тереңнен қанығу қажет. Бұл ретте, ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсете отырып, барынша білім жетілдіруге көңіл бөлеміз. Себебі, заман ағымына ілесіп, жаңалықтан тысқары қалуға болмайды – дейді білікті дәрігер.

Тағы да оқыңыз: