Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданыдағы білім ұйымдары мен мемлекеттік мекемелерінде АИТВ инфекциясына қатысты семинар-тренинг ұйымдастырылды.

28 қараша - 2 желтоқсан аралығында Сырдария аудандық жастар денсаулық орталығы мен иммунолог дәрігер А.Оразбаеваның ұйымдастыруымен Дүниежүзілік ЖИТС-қа қарсы күрес күніне орай «Теңдік уақыты» тақырыбы аясында семинар-тренингтар өткізілді.
Атап айтсақ, биылғы жылдың 28-30 қараша күндері аудандағы білім беру ұйымдарында, №36 А.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің 9-11 сынып оқушыларына, №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейі 10 сынып оқушыларына, 2 желтоқсан аудандық аудандық ішкі істер бөлімінде, аудандық «Қазпошта» бөлімінде, «БЖЗҚ» бөлімінде «АИТВ және оның алдын-алу шаралары» тақырыбынды дәрістер өткізілді. 

Шара барысында «Жастар денсаулығы бөлімінің» мамандары «АИТВ және алдын-алу шаралары» туралы дәріс оқып, жұқпалы ауруларудың себеп-салдарлары туралы және АИТВ-нің алдын алу және болдырмау бойынша кеңес берді. Сондай-ақ жұқпалы аурудың қауіпі туралы ақпарат айтылып, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды. Дәріс алушыларға АИТВ инфекциясының зияны түсіндіріліп, салауатты өмір салтын ұстау қажеттілігі жеткізілді.

316045471_1463133664210909_7509002717498115373_n.jpg
318063373_1463133020877640_5776001617725539618_n.jpg

Тағы да оқыңыз: