Kyzylorda-news.kz Күнделікті емхана дәлізінде ұшырасқан емделушінің көбісі денсаулығына байланысты кінәратты анықтау үшін қан тапсырып, несеп сынамасын өткізіп жатады. Күніне 100-ден аса адамнан сынама алынып, білікті маман Сара Мұхамбетқалиқызы жетекшілік ететін бөлімше зертханашыларына табысталады. Өз кезегінде адам денсаулығы үшін маңызды рөл ойнайтын қан талдауларын жасауда кәнігі зертханашылар асқан ыждағаттылық танытады.
Бүгінде «Зертхана» бөлімшесінде дәрігермен қатар, 10 зертханашы қызмет атқарады. Олар биохимия, гемотология сынамаларын жасауға машықтанған. Өйткені, сынамаларға сыртқа бақылау жасау үшін шетелдік Prevecal және RiQAS бойынша 2 жыл қатарынан тәжірибелі зертханашылар сертификат алып келеді. Бөлімшеде 2023 жылдын сәуір айынан бастап IFlash 1800 автоматты ИХЛ жаңадан алынып, Қалканша безі гармондарын аныктау бойынша тәжірибе енгізілді. Қалқанша безі гармондарын анықтау барысында дәрігер Сара Мұхамбетқалиқызы қатаң қадағалау жасайды. Жаңа аппараттардың көмегімен биохимия, жалпы қан талдау, зәр сынамаларын дер кезінде жасауға мүмкіндік зор. Мәселен, несеп талдаулары 3 минутта дайын болса, қан талдауларының аппаратына 44 сынама салынып, 1 сағат 30 минутта дайын болады.
– Біздің зертханашыларымыздың жұмысы қай кезде де қауырт саналады. Күнделікті емделушілердің сынамасын тексеруде қателік кетпеу керек. Сондықтан мұқияттылыққа баса назар аударамыз. Үнемі дәрігерлер қан талдауларына, несеп қортындысына қарап науқасқа диагноз қояды. Өз кезегінде біз заман ағымына ілесіп кәсіби біліктілігімізді шыңдай береміз, – дейді білікті дәрігер.