Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша ӘМСҚ филиалының сарапшылары медициналық қызмет берушілерге ТМККК және МӘМС жүйесі аясындағы жұмыстың ерекшелігін түсіндірді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары медициналық қызмет берушілермен ZOOM конференциясы арқылы кеңейтілген жұмыс жиналысында 2023 жылға ТМККК және МӘМС шеңберінде бірлесіп жұмыс жасаудың ерекшеліктерін түсіндірді.

Атап айтқанда, сарапшылар 2023 жылғы сатып алу жоспарындағы өзгерістер, жаңа есепті жылға медициналық қызметтер көлемін орналастыру ерекшеліктері мен қорытындылары туралы айтты. Сондай-ақ ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберіндегі жұмыстың биылғы басымдықтары мен талаптарын түсіндірді, қатысушылар сұрақтарына жауап берді.

Биылғы жылы қор филиалы аймақтағы 106 медициналық ұйымымен (30 мемлекеттік, 76 жеке) 86,2 млрд. теңгеге, яғни, ТМККК-51,4 млрд. теңге, МӘМС – 34,8 млрд. теңге келісім шарт жасады.

Тағы да оқыңыз: