Kyzylorda-news.kz Бүгін партияның облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы бастаған мониторингтік топ Ақмешіт мөлтек ауданында орналасқан «Сенім» ЖШС емханасының материалды техникалық жағдайына зерделеу жасады.
«Сенім» емханасы 1986 жылы ашылған. 1997 жылы жекешелендіріліп, сонан бері жеке емхана ретінде Ақмешіт, Мерей, Рисмаш мөлтек ауданына және жеке үйлерге яғни, аумақтағы 21922 халыққа медициналық қызмет көрсетеді. Емханада 33 дәрігер, 131 аяжан жұмыс атқарады. Қазіргі таңда 5 ересек, 5 балалар, 2-ЖТД, 2 әйелдер аймақтары қызмет етуде. Аймақтардың дәрігерлермен қамтамасыз етілуі – 92,8%. Ересек бөлімі- 100%, балалар бөлімі - 80% (1 аймақта қосымша қызмет атқаратын дәрігер 0,5 ст) , ЖТД- 50%, гинекология бөлімі-100%.
Зерделеу барысында партиялық топ емхананың типтік еместігін, сонымен қатар маман тапшылығын аңғарды.
Емхана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Бекетаеваның айтуынша емхана басшысының жаңадан келгеніне 1 апта ғана уақыт болған. Емхананың қажетті жөндеу жұмыстарын сол кісі енді қолға аламақ.
Мұнан соң мониторингтік топ жазатайым оқиғаның алдын алу үшін Саламатов көшесіндегі теміржол өткелі үсіндегі аспалы көпірдің жағдайын бағамдады. Жалпы, көпір ЖХҚ теңгерімінде. Көпірдің стандартты қызмет ету мерзімі 50 жылды құрайды. Алайда көпірдің пайдалануға берілгеніне 12 жылға ғана жуықтағанымен бүгінгі күні деформациялық тігісі сөгіліп, бетондары үгітіле бастаған.
Зерделеу жұмыстарына Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі шақыртылып, көпірдің құрылысын техникалық тексеру, техникалық және көліктік-пайдалану жай-күйін анықтау және пайдалану сенімділігін бағалау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізуге ұсыныс берілді. ЖКХ тарапынан сала бойынша арнайы мамандармен зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ақаулар тізімін жасап, сараптамалық қорытынды дайындауға, әрі қарай жөндеу жұмыстарын жүргізуге ұсыныс енгізілген екен.
Мониторинтік топ азаматтардың қауіпсізді үшін бұл жұмыстарды жылдам шешуге кеңес берді.