Kyzylorda-news.kz Бүгінде 11-13 жас аралығындағы қыздарға адам папиллома вирусының алдын алу мақсатында вакцина салынуда. Осыған орай Қызылорда қаласындағы Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының жоғары санатты мейірбикесі Гүльдархан Берикбаева қыздарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. 

– Адамның папиллома вирусы – дененің әртүрлі бөліктерінің тері мен шырышты қабаттарын зақымдайтын вирустар тобы. Вирус қауіпті, себебі ол тез таралып, жасушалардың қатерлі ісік дегенерациясының қоздырғышына айналады және соның салдарынан қатерлі ісіктің дамуы мүмкін.  

Бүгінгі күні адамның папалома вирусын емдеудің жалғыз әдісі – вакцинация. Адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцина 15 жылдан астам қолданылып келеді және 135 елде қолданылады. Алғашқы АПВ вакцинасы 2006 жылы пайда болды және әлемде 100 миллионнан астам адам егілді. Вакцина рак ауруын тудыруға қабілетті емес, ол енгізілген кезде иммундық жүйенің жасушалары адам папиллома вирусымен күресуге бағытталған денеде антиденелер шығарады. Вакцина әйелдердің ұрпақты болу функциясына әсер етпейді және бедеулікті тудырмайды, бұл әлемнің дамыған елдерінде көп жылдар бойы жүргізілген клиникалық зерттеулер арқылы дәлелденді. 2024 жылдың 01 қыркүйегі аралығында Қазақстанда 11 жастағы қыздар тұрғылықты жері бойынша мектептер мен медициналық ұйымдардың егу кабинеттерінде АПВ-ға қарсы тегін екпе алуда. 

Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда дәрігердің тексеруінен кейін ата-ананың хабардар етілген келісімімен жүзеге асырылады. Вакцинация 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі. Вакцина ең тиімді болып табылады, егер ол адам HPV жұқтырғанға дейін енгізілсе. 11 жаста вакцинация ең күшті иммундық жауап береді. Балаларыңызды осы аурудан сақтаңыз, – деді Гүльдархан Досанқызы.

0514727c-877b-4bff-9966-195579365cc4.jpg

Фото: kostanaytany.kz

Тағы да оқыңыз: