Kyzylorda-news.kz  Аудан медицинасында қажырлы еңбегімен танылған тәжірибесі толысқан дәрігер қатары жетерлік. 31 жыл бойы бір ауылда табан аудармастан еңбек ету – нағыз батылдық екені рас. Кәсібиліліктің шыңына шыққан Гүлайым Ибрагимова Бесарық ауылдық амбулотриясында 2000-нан аса халыққа жалпы тәжірибелік дәрігер ретінде қалтқысыз қызмет етуде.

Негізінен, Гүлайым Жәнібекқызы 1963 жылы Қоғалыкөл ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында оқып жүріп,  медицина саласына баруды мақсат тұтқан. Өз кезегінде білікті маман алғашында Қызылорда медициналық училищесінде  фельдшер-акушерлік бөлімінде білім алған. Сонымен қатар өз уақытысында  ақ халатты дәрігер қазіргі Нағи Ілиясов ауылында қызмет еткен. Ал 39 жыл бұрын Алматы қаласындағы мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, терепевт мамандығын меңгеріп шыққан. Сол уақытта жас маман Қызылорда облыстық ауруханасында интернатура курсынан өткен. 1993 жылданн бастап  ауылдағы емханада   терепевт-дәрігер,  емхана меңгерушісі,  жалпы тәжірибелік дәрігер қызметін аброймен атқаруда.

– Қашанда ауыл медицинасының қызығы мен шыжығы жетерлік. Ауыл тұрғындарының денсаулығын  жеті бақылау жауапкершілігі жүктеледі. Әрине, әрбір жанның дені сау болуына тікелей жауаптымыз. Бесарық ауылындағы амбулоторияда 11 қызметкер жұмыс жасаймыз, – дейді білікті дәрігер.

Тәжірибелі  дәрігер бірнеше жылдық жұмыс өтілінде көптеген жоғарғы мараптақа қол жеткізген. Мәселен, сала маманы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісіне, «Үздік ауыл дәрігері» номинациясына, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың «Үздік медицина қызметкері» номинациясына ие болған.

Тағы да оқыңыз: