Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінен 14 шақырым қашықтықта жатқан Абай ауылында дәрігерлік амбулаторияның іргетасы қаланды. 

Жаңа нысанның іргетасын қалау рәсіміне аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш пен аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев және ауыл ақсақалдары қатысты. 

Салтанатты шарада аудан басшысы бой көтеріп жатқан нысанмен ауыл тұрғындарын құттықтап, халық игілігі үшін салынатын денсаулық нысанының сапалы әрі уақытылы аяқталуы қажеттігін айтты. 

Сондай-ақ жауапты бөлімге құрылысты орындау барысын ұдайы бақылауда ұстау керектігін тапсырды. Жалпы сомасы 400 миллион теңгеге жуық қаржы құрайтын бұл жобаны мердігер мекеме – «Аман-Құрылыс» ЖШС атқаруда. 
Жиын соңында ауыл ақсақалдары округте атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдіріп, батасын берді. 

“Бүгін біз үшін қуанышты күні. Ең басты құндылық – адамның денсаулығы. Осы ретте ауылымызға жаңадан салынғалы тұрған дәрігерлік амбулаторияның уақытыл аяқталып, халық игілігіне берілгенін тілейміз”, – дейді қуанышты тұрғындар. 

Айта кетейік, биыл Қазалы ауданына қарасты үш ауылда дәрігерлік амбулатория құрылысы басталды. Ол қатарда Бозкөл, Кәукей және Абай ауылдары бар.

Тағы да оқыңыз: